сейсенбі, 2 шілде, 2024 21:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
ашық дереккөзі
Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Кеше, яғни 20 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында) Мадрид қаласының Толедо көшесіндегі ғимараттарының бірінде жарылыс болды.

Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, жарылыс ғимараттың көп бөлігін қиратқан -  төрт қабат құлаған. Өлім мен жарақат бар, бірақ құрбандардың соңғы саны әлі жарияланған жоқ. ⠀

Оқиғаның себебі әлі анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс газдың таралуынан болуы мүмкін. ⠀ Жергілікті БАҚ ғимарат қарттар үйіне тиесілі деп жазады. Қариялар жақын жердегі басқа нысанда тұрады. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Мадридтегі Қазақстанның консулы жергілікті билікпен байланыста. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы тексеріліп жатыр.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар