дүйсенбі, 1 шілде, 2024 0:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз полицейлері кісі өлімі дерегін  ізін суытпай ашты

Тараз полицейлері кісі өлімі дерегін  ізін суытпай ашты
ашық дереккөзі
Тараз полицейлері кісі өлімі дерегін  ізін суытпай ашты
2020 жылдың 16 қарашасында "102" пультіне 42 жастағы ер адам  хабарласып, үйінен пышақ жарақаттарын  алған  анасы мен жұбайын тапқаны туралы арызданған. Оқиға орнына келген полицейлер мен медицина қызметкерлері 42 жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады, ал жүгінген ер адамның анасы Жамбыл облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды, ол  бұрын кісі өлтіргені  және зорлағаны  үшін сотты  болған. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, спирттік ішімдіктерді қосылып ішу барысында кенеттен туындаған  жанжал салдарынан  пышақ жарақатын салғанын көрсетті. Аталған  дерекке қатысты  99-баптың 1-бөлігі, 24-99-баптың 1-бөлігі (екі және одан да көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ заттай дәлелдемелер алынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар