сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық полицейлер екі ер адамды 100 келіден астам марихуанамен ұстады

Тараздық полицейлер екі ер адамды 100 келіден астам марихуанамен ұстады
ашық дереккөзі
Тараздық полицейлер екі ер адамды 100 келіден астам марихуанамен ұстады
"Карасора-2020" жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері жедел деректер бойынша "Мерседес  Вито"маркалы автокөлігін  тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында  аталған автокөлік Қордай ауданының  Қайнар ауылы аумағына жасырынуға тырысқан. Көліктің жүрген  жолынан скотчпен оралған 7 көк түсті қап табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері  Шу ауданы Көк Қайнар ауылының шетінде  жоғарыда аталған автокөлікті  тапты. Көліктен 200 метр қашықтықта 33 және 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК-нің  297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бойынша,  мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы  көзделген. Сараптама актісіне сәйкес,  жолдың жүру бөлігіне тасталған  қаптағы  зат жалпы салмағы 116 келі 160 грамм кептірілген марихуана есірткісі  болып табылады. Күдіктілер Қордай АПБ-нің  уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, Шу ауданында  "Қарасора" ЖІШ өткізу барысында Жамбыл облысының  ПД ЕҚІҚБ қызметкерлерінің жедел ақпараты  бойынша  Мойынқұм ауылының 35 жастағы тұрғынынан 19 келі  220 г "кептірілген марихуана" есірткі  заты табылып, тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу қаласының УҰИ-не қамалды, ҚР ҚК-нің 296-бабының  4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар