дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қылмыстық құқық бұзушылық: Зайыбын ұрғандарға қандай жаза тағайындалады

Қылмыстық құқық бұзушылық: Зайыбын ұрғандарға қандай жаза тағайындалады
Sputnik / Тимур Батыршин
Бұл туралы прокуратура жауап берді

Маңғыстауда әйелді ұрып-соғ бойынша 32 қылмыстық іс сотқа жолданған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Прокуратура дерегінше,  сотталушылардың 15-і бірге тұрып жатқан әйелдеріне, 8-і таныстарына және 9-ы өзге адамдарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар.


Мысалы, Ақтау қалалық сотымен сотталушы «М» Ақтау қаласы 14-шағынаудандағы теңіз жағалауында бола тұра, болмашы ұрыс-керісті себеп қылып, өзінің жолдасын бірнеше рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқаны үшін оған 40  сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сотталған азаматтың әрекеттері ҚР ҚК-нің 109-1-бабы1-бөлігімен сараланған. Санкциясында айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, не отыз тәуліктен елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазалар көзделген.
Қазіргі таңда, өңірлік полиция органдарының өндірісінде аталған санатта 95 қылмыстық іс тергелуде. Мемлекетіміздің құқықтық саясатына сәйкес адам құқықтарын қорғау және отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған жұмыстар прокуратура органдарының ерекше бақылауына алынған,- делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында соңғы өзгерістерге сәйкес ұрып-соғу әрекеттері (ҚР ҚК-нің 109-1-бабы) ағымдағы жылғы 16 маусымнан бастап, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар