жұма, 15 қараша, 2024 11:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жылына 20 кітап оқимын": Бекзат Нұрдәулетов кітап оқуды әдетке айналдырғанын айтты

"Жылына 20 кітап оқимын": Бекзат Нұрдәулетов кітап оқуды әдетке айналдырғанын айтты
Фото - ашық дереккөз
Боксшы қазір оқу-жаттығу жиынында жүрсе де, кітабын қолынан тастамаған

Бокстан әуесқойлар арасында әлем чемпионы, қазіргі кезде кәсіпқой бокс бет бұрған Бекзат Нұрдәулетов жылына 20 астам кітап оқитынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл туралы спортшы журналист Аслан Қаженовтің "Спорт министрі" ютуб арнасына берген сұхбатында тілге тиек еткен. 

"Жылына 20 кітап оқуды алдыма мақсат етіп қойдым.  Қазіргі оқып жатқан кітабым, "Көшпенділер". Бұл кітап әр қазақ баласының патриоттық сезімін арттырады. Шыққан тегіміз бен шежіремізді жатқа білу бұл біздің міндетіміз деп білемін. Кез келген жерде тіпті шет елдерге барғанда қазақ екенімізге мақтанып, қандай ел екенімізді есеңімізді нық көтеріп көрсетіп қана қоймай айта да алуымыз керек. Қандай салада жүрсең де кітап оқып даму артық етпейді. Жалпы білім алып кітап оқып даму  ол мамандық пен жасқа қарамайды.", -деп жауап берген боксшы.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар