сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда бұзақылар полицейді ұрып, көлігін тартып алған

Жамбылда бұзақылар полицейді ұрып, көлігін тартып алған
ашық дереккөзі
Жамбылда бұзақылар полицейді ұрып, көлігін тартып алған

Жамбыл облысында бұзақылар полицейді сабап кеткен. Оқиға Шу қаласында болған. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кешкі сап түзеуден қайтып бара жатқан тәртіп сақшысы Қонаев көшесінің бойында жол үстіне тұрған адамдарды байқайды. Бірнеше мәрте дабыл белгісін басып, ескерту жасайды. Алайда бұл мас күйдегі бір топ жігіттің наразылығын тудырған. Олар полицейдің өзін соққыға жығып астындағы қызметтік көлігін мініп кеткен. Күдіктілер жедел іздестіріліп, ұсталды. Олар 30 жас шамасындағы Шу қаласының тұрғындары болып шықты. Полицейдің қызметтік көлігі соғылған күйде табылды. Қазір әкелген шығын көлемі анықталып жатыр.

– Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың ешқайсысы бұрын істі болмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл әрекеті үшін олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Жаманқұлов.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар