дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселесі көп

18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселесі көп
Жамбыл облысының әкімі Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Сурет: jambylinfo.kz
Мүмкіндігі шектеулі және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар облыс әкімі Ербол Карашөкеевпен кездесуінде жанайқайын жеткізді.  Олардың айтуынша, ерекше балалардың және 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселесі көп, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналардың мәселесі өз алдына. Ал 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жастарымыз не істерін білмей жүр. Олардың көбі жұмыссыз, айналысатын тірлігі жоқ. Араларында қара жұмыс істеп, ақша тауып жүргендері де бар.  Осы азаматтарды еңбекке баулыса, тіпті спортпен шұғылдануларына жағдай жасап, паралимпиада ойындарына қатысуына мүмкіндік берсе деймін", - дейді Гүлсім Сауырова. 


Аймақ басшысы бұл мәселеге ерекше мән берілетінін және оның шешілу жолдары қарастаратынын жеткізді.  


«Иә, әрекше балаларды тәрибелеп отырған аналардың жанайқайы түсінікті. Оларды жан-жақты қолдауымыз керек.  Мен бұл мәселені өзімнің бақылауыма алып, алдағы уақытта осы аналардың ұсынысын ескере отырып, мәселені қарастырамыз",-деді әкім.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар