Әкімдердің жұмысы инвестиция тартуымен бағаланады – Ербол Қарашөкеев
- авторИндира Тәліпқызы
- 29 наурыз, 2024
- 549
Бұл туралы аймақ басшысы Жамбыл ауданында халықпен кездесуінде атап өтті.
"Біз облысқа көптеп инвестиция тартып, жұмыс орындарын ашуымыз тиіс. Мен барлық әкімдерге арнайы тапсырма бердім.Әкімдер осы жұмыспен айналысуы керек. Өйткені әкімдердің жұмысы инвестиция тартуымен, жұмыс орындарын ашумен бағаланады", - деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ аймақ басшысы жастардың үлкен мегаполистерге кетпеуі үшін барлық жағдай жасалауы керегіне тоқталды.
«Облыста 81,7 мыңға жуық жұмыс орны құрылса (жоспар – 68 мың), Бұл бағытта жұмыс жалғасады береді. Былтыр 726 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл бұл көрсетекіш артады. Осы жылы «Әулиеата жастары» бағдарламасы өз жалғасын табады. Қазір «Отбасы банкімен» келіссөздер жүріп жатыр»,- деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024