дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

6 ауданда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынүй мәселесі шешілмеген

6 ауданда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынүй мәселесі шешілмеген
ашық дереккөзі
6 ауданда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынүй мәселесі шешілмеген

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында жауапты мамандармен өңірде болған төтенше оқиғаларды зерделеп, қабылданатын нақты шараларды пысықталды.

Жалпы, бұл тақырып ешқашан проблемасыз болған емес. Біздің аймақта да шешімін күткен мәселелер бар. Айталық, Тараз қаласы мен аудандық білім бөлімдерінде бұл мәселелермен 13 маман айналысады екен. Десе де, жүктеменің көптігінен Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Талас, Сарысу аудандарында кадрлар ұзақ тұрақтамайды. Сонымен қатар Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Мойынқұм аудандарындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй кезегіне уақытылы тұрғанымен, баспана мәселесі шешілмеген.

Бүгінде облыстағы 18 жасқа дейінгі 427 465 баланың 1 379 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Оның 1 016-сы патронаттық тәрбиеде болса, отбасы үлгісіндегі 22 балалар үйінде – 88 бала тәрбиеленіп жатыр. Жалпы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қорғау жүйесі қалыптасқан деуге болады. Мәселен, қатыгездіктен зардап шеккен, жетім қалған, денсаулығында қауіп бар, қолайсыз отбасыға тап болған балаларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсету үшін өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, облыстық жасөспірімдер үйі және арнаулы мектеп, «Үміт» бөбектер үйі жұмыс істейді. Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері соңғы 3 жылда 117-ден 66 балаға кеміген екен. Осы уақыт аралығында өңірде отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің желісі ұлғайып, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін панасына алу, яғни патронаттық тәрбиеге беру үрдісі де айтарлықтай дамыған. Нақты санға жүгінсек, 15-тен 22-ге артқан. Ол жерде 100-ге тарта жасөспірім өсіп келеді. Алайда, биыл Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдерінің арнайы кеңестерінің ұсынысымен 80 жеткіншек жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге жіберілген. Отырыста балаларды барынша қамқорлыққа алу, мүмкіндігінше отбасы тәрбиесінде қалдыру, қатыгездікті болдырмау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар