бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 7:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«6 министр, 10 млн аудитория». "АФМ оline 2024" ауқымды шарасы өтті

«6 министр, 10 млн аудитория». "АФМ оline 2024" ауқымды шарасы өтті
Сурет: jambylinfo.kz
Елімізді толық қамтыған шара түрлі тақырыпты қаузады

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған "АФМ оline 2024" ауқымды шарасы өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қаржы мониторингі агенттігі ұйымдастырған ауқымды шарада тікелей эфир арқылы  6 министр, 10 миллион аудиториясы бар атақты блогерлер, қаржы саласының сарапшылары түрлі тақырыптарды қамтыды. 3 сағатқа созылған жиында интернетте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын блогерлерге заңды қызметті жүргізу үшін заңнама нормалары да түсіндірілді. Сондай-ақ, белгілі медиа тұлғалар, қаржы талдаушылары 35 ЖОО басшылығы мен жергілікті әкімдіктер қосылып, қаржылық пирамидалардың жалпы сипаты мен алдын алу бойынша бірқатар шараларды атап өтті. Атаулы жиыннан Тар ӨУ студенттері де өзіне керегін алды. 

"Мұндай ірі іс-шара елімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Бұған мыңдаған студент қатысып жатыр. Мұнда қаржы пирамидалары, оның қандай сипаты бар, қалай алдын алуға болатыны туралы қаржылық мониторинг агенттігімен мағлұмат берілді. Бұл іс-шараға Қазақстанның әрбір азаматы тікелей эфирде қатысуға мүмкіндік алып отыр",- деді Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Жағыпар Исатаев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар