сейсенбі, 2 шілде, 2024 13:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында орман қызметкерлері дала өртін сөндіріп жатыр

Жамбыл облысында орман қызметкерлері дала өртін сөндіріп жатыр
Суретте: Жамбыл облысындағы оқу-жаттығуға дайындық барысы
Меркі ауданынан басталған өрт Рысқұлов ауданына қарай өткен

Жамбыл облысы Меркі ауданында 4 маусым күні түстен кейін «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің» Сарғобы орманшылығында (жалпы аумағы 1650 гектар шөп жанған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, орман шаруашылығының 25 қызметкері мен 3 тракторы, сондай-ақ,  төтенше жағдайлар бөлімінің 84 қызметкері мен 9 техникасы өртті сөндіре бастаған.

Облыста ауа температурасы 30 градус ыстық, оңтүстік бағыттан жел соғып тұр.

«Орман шаруашылығы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқан. Меркі ауданы аумағынан шыққан өрт Т.Рысқұлов ауданына өткен. Қазіргі уақытта бұл ауданда 3 бригада, 16 адам, 5 техника жұмылдырылған», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар