бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 23:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді

Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді
Сурет ашық дереккөзден алынды
31 552 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды

Қазақстан Үкіметі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, 717 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер алған.

«Мәселен, Қостанай облысының тұрғындарына 298 үй/пәтер ұсынылса, Ақмола облысында — 85, Ақтөбе облысында — 121, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Батыс Қазақстан облысында — 70, Қарағанды облысында — 6, Павлодар облысында — 2 жаңа баспана берілді. Зардап шеккен тұрғындарға арнап шамамен 1 862 жаңа үй салынып жатыр», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.


Сонымен қатар, 3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды. 5 066 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді.
 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар