Қақпа алдындағы кездесу шарасы өтті
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен еркіндікке жолдама алған алматылық азаматты шығарып салу шарасы өтті.
Шараға жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Қ.Әлішер, Жамбыл ауданы пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты Ә.Құдайбергенұлы, Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы И.Досболова және Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің жетекші маманы М.Әмреев арнайы шақырылды.
Шара аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Босатылушы сотталған М есімді азаматқа босатылғаннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Елбасы туралы конституциялық заңның күшi жойылды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024