жексенбі, 17 қараша, 2024 9:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Адам құқығы қылмыстық-атқару жүйесінде қатаң сақталуға тиіс

Адам құқығы қылмыстық-атқару жүйесінде қатаң сақталуға тиіс
ашық дереккөзі
Адам құқығы қылмыстық-атқару жүйесінде қатаң сақталуға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты өткен жылғы Жолдауында азаптаумен күрес жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Бұл мәселе әлі күнге дейін өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ. Өйткені елімізде азаптау, ар-намысты аяққа таптау кең сипат алмаса да әлі күнге өзектілігін жоймай келе жатқан мәселе. Қазіргі таңда адам құқықтарын қамтамасыз ету және азаптаулардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттары болып табылады. Ал негізінде құқықтық мемлекетте азаптау деректері мүлде болмауы тиіс.  width= Азаптаудың ең жиі анықта­ла­тын орны – түзеу мекемелері. Сол себепті де қазіргі таңда бас бос­тандығынан айыру орындарына ерекше назар аударылып отыр. Осыған орай, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен жиын барысында осы мәселе кеңінен талқыланды. Әділет подполковниктері Дидар Рысбеков пен Айгүл Танашева ҚАЖ қызметкерлері азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттерге жол бермеу қажеттігін баса айтты. Спикерлер өз сөздерінде еліміздің заң шы­ғарушы, атқарушы және сот тармақтары органдарының, ха­лық­аралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен адво­каттар бұл мәселеге ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.  width= Жиын соңында кезең-кезеңімен енгізіліп жат­қан озық тәжірибелердің ­бас­ты көздегені – азаматтардың конс­титуциялық құқықтарының бұзы­луын азайту екені де кеңінен айтылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар