дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда тұрғындарды мемлекеттік тесттен өткіземін деп алдаған алаяқ ұсталды

Таразда тұрғындарды мемлекеттік тесттен өткіземін деп алдаған алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
Таразда тұрғындарды мемлекеттік тесттен өткіземін деп алдаған алаяқ ұсталды
2023 жылдың 29 қаңтарында Тараз қаласы Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындары белгісіз ер адамның тест қабылдау орталығында мемлекеттік тесттен өтуге көмектесемін деп, сенімдеріне кіру арқылы қомақты қаржыларын иемденіп кеткені туралы арызданған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн теңгені құрайды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 26 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсын толық мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Ол жәбірленушілерге өзін қаладағы тест орталықтарының бірінде бақылаушы болып жұмыс істеймін деп таныстырған. Мемлекеттік тестілеуден өту, эссе дайындау сияқты қызметтерге жеке-жеке төлем алып, алайда сынақ уақтысында көмектеспей, бойтасалаған. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды қандай да бір келісім жасау алдында қызмет көрсетуші туралы мәліметтерді жан-жақты анықтап, заңды түрде орындалуын талап ету керектігін ескертеді. Егер, Сіз осындай алаяқтық деректеріне тап болсаңыз, дер кезінде жергілікті полиция бөліміне хабар беруіңізді сұрайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар