сәрсенбі, 15 сәуір, 2026 11:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«AMANAT» бастамасы: Кеңес ауылында өнерге бет бұрған жастар көбейді

«AMANAT» бастамасы: Кеңес ауылында өнерге бет бұрған жастар көбейді
Ашық дереккөз
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Кеңес ауылында ашылған мәдениет үйі бүгінде ауылдың рухани өмірін жандандырып, нақты нәтижесін көрсетіп отыр.

Аз уақытта мұнда ондаған жас өнерге бет бұрып, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіс тұғырынан көріне бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұған дейін Кеңес ауылында мәдениет ошағы мүлде болмаған. Іс-шаралар мектепте немесе ашық алаңдарда өткізіліп келді. Әулиеата айтысының кешегісін бүгінге жалғаған Әсет Дүйсебаев, Рай Дөңбай, Дархан Әбдіманат сынды талантты айтыскерлер шыққан ауылда ұзақ жылдар бойы мәдениет үйінің болмауы көпшіліктің көңілін күпті етіп келген еді.

2024 жылы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бұл мәселе толық шешімін тапты. Нәтижесінде 2000-ға жуық тұрғыны бар ауылда 90 орындық жаңа мәдениет үйі салынып, ел игілігіне берілді.

Бүгінде бұл мәдениет үйі ауылдың рухани орталығына айналды. Мұнда 5 үйірме тұрақты жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Жас толқын» ән, «Керім ай» би, «Жас дарын» ақындар үйірмелері, сондай-ақ қылқалам және көркемсөз бағыттары бойынша 38 жасөспірім өнерін шыңдауда. Үйірмелерді білікті мамандар жүргізіп, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашылды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар