Апатты жағдай тұрғындарды газсыз қалдырды
Бүгін, 23 қазан күні "Транстелеком" АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалды. Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр.
Төтенше жағдай салдарын реттеу және нысандарға газ беруді қалпына келтіру мақсатында облыс және қала әкімдігінің өкілдері, жауапты мекемелердің басшылары оқиға орнына келді. Қазір қабылданатын шаралар пысықталып жатыр.
Бүгін, 23 қазан күні "ЖамбылТранстелеком" АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында газ құбыры АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалды. Газдың шығуын тоқтату мақсатында апатты бригада ф-600 және ф-500 миллиметрлі жерасты ысырмаларын бекітіп тастады.
Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр.
Облыс және қала әкімдігінің өкілдері, жауапты мекемелердің басшылары оқиға орнына келіп, мән-жаймен танысты. Атап айтсақ, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев газ құбыры жарылған аумаққа жедел жетіп, оның жылдам шешілуін өз бақылауына алды. Шаһар басшысы «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің өкілдерімен бірлесіп, оқыс оқиға салдарын жедел қалпына келтіру және нысандарды газбен қамтамасыз етуді қайта іске қосу мақсатында қажетті жабдық табылуы мен техниканың жұмылдырылуына сәйкес тапсырмалар берді.
Қазір атқарылатын шаралар анықталып, қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала