Мәдениет
Кеше мен бүгін үндесіп – Тараз қаласы түрленіп келеді
- авторjambylinfo.kz
- 23 қазан, 2020
- 421
Кеше мен бүгін үндесіп – Тараз қаласы түрленіп келеді
Бүгінде Тараз қаласының сәулеті сәт санап артып, облыс орталығында айтарлықтай оң өзгерістер орын алып жатқанын жамбылдықтар көріп, біліп, сезінуде. Шаһар шырайын еселеген жаңа нысандар көптеп бой көтеруде.
Сәулетшілердің басты мақсаты – Таразды заманауи, жайлы қалаға айналдыра отырып, оның бай тарихи мұрасын таныту.
«Әрбір жоба бойынша жұмыс істейтін сәулетшілер, құрылысшылар және басқа да мамандар Таразды тартымды, өмір сүруге ыңғайлы және жайлы етуге барын салуда. Жаңа нысандар мен архитектуралық нысандардың құрылысы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жұмыс тобының отырыстарында егжей-тегжейлі талқыланып отырады, - дейді облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов.Тұрғындар жаңа нысандар қала келбетін ашып қана қоймай, сонымен бірге терең мәнге ие екенін жеткізіп келеді. Айталық жақында облыс орталығының көрікті жерлерінің қатарын толықтырған «Қазақ халқына мың алғыс» монументін алайық. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай тұрғызылған ескерткіш біздің бірге көрген қиындықтарымызды, соғыс, ашаршылық пен репрессияларды еске салады. Ол мейірімділік пен қайырымдылықтың символы. Қиын-қыстау кезеңдерде біздің халқымыз қоныс аударушыларды аштықтан аман алып қалды. Қазақтар өздерінің қоңыржай тіршілігіне қарамастан, оларға қонақжайлылық танытып, бауырына басып, панасыз қалдырмады. Бұл халықтар әрдайым өздеріне көрсетілген қазақтардың қолдауын, көмегі мен қонақжайлылығын ұмытпай, құрмет білдіреді. Ескерткіштің биіктігі 30 метр. Жоғарғы бөлігінде қалықтаған қыран, сәл төменірек – барлық этностардың бірлігі мен ынтымағын білдіретін шаңырақ орналасқан. Ескерткіш 580 метрлік Арбат-1 аллеясында орналасқан. Мұнда екі сазды және екі құрғақ субұрқақ (су ыдысы жоқ) орнатылған.
«Бүгінде құрғақ субұрқақтар қала сәулетінің ажырамас бөлігіне айналуда. Мұндай құрылымдардың су ыдысы жер бетінде емес, жер астында жасырылған. Ағындар одан тіке атқылайды, ал фонтан жұмыс істемеген кезде тротуар құрғақ күйде сақталады. Құрғақ субұрқақ деген атауы да осыдан шыққан. Осындай ерекше субұрқақтарды қаланың тағы бірнеше жеріне орнатуды жоспарлап отырмыз», - дейді А.Әбдешов.Қала тұрғындары мен қонақтары ондағы көптеген шығармашылық инсталляцияларға өздерінің жоғары бағасын беруде. Олардың ішінде жаяу жүргіншілер аймағына ілінген Қазақстан Республикасының Туы ерекше көзге түседі. Бүгінгі күні «Арбат-3» жаяу жүргіншілер аймағының үшінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр десек, ол да жас ұрпақтың тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын болады. Аймақ «Көне Тараз» кешені мен Қарахан кесенесін байланыстырмақ. Арбатта 22 травертиндік тақта орнатылып, оларда ежелгі Тараз тарихынан маңызды даталары қашалып жазылмақ. Мердігерлер көп ұзамай 320 метрлік сазды субұрқақтардың құрылысын аяқтамақ десек, одан бөлек онда орындықтар, ерекше сәндік элементтер орнатылатын болады. Айта кету керек, жұмыс кешенді түрде жүзеге асырылады. Құрылысшылар бірден көршілес ғимараттардың қасбетін әрлеуді, көшелерді жарықтандыруды, айналаны, аялдамаларды реттеуді қатар жүр. «Біз біргеміз» монументі де ұлттық нақышымен көзге түседі. Композицияның ортасындағы жер шарын қол ұстасып тұрған дәрігер, әскери, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және еріктілер секілді түрлі кәсіптің өкілдері қоршап алған. Олар қиын жағдайларда әрдайым бірінші болып көмекке келіп, кейде өзгені құтқару үшін өз өмірлерін де құрбандыққа тігіп жатады. - Сәулетшілер бірлік пен қоғамдық келісім идеясын жеткізуге тырысты. Біздің халқымыз коронавирустық пандемия кезінде, Арыста жарылыс болған кезде, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай орын алғанда да ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсете білді. Ескерткіш болашақ ұрпақтар үшін осы оқиғалардың естелігі болып қала береді, - дейді А.Әбдешов. Жер шарының артында тұрған биік стеланың дәл басында қарлығаштар қоршап тұрған шаңырақ орналасқан. Бұл құс қасиетті, бейбітшілік пен келісімнің белгісі болып саналады. Егер ол ұя салса, қазақтар оны жақсылыққа жорыған. Ескерткіштің екі жағында шағын құрылымдар орналасқан. Оларды ежелгі күрделі өрнектермен безендірілген. Ескерткіш 14-шағын ауданға орнатылатын болады. Қаланың барлық бөліктерінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жақында Қарасу массивінде «Денсаулық» паркі ашылады. Салауатты өмір салтын сүйетіндер үшін саябақта бірнеше спорт алаңдары (футбол, баскетбол, теннис), жүгіру жолағы, веложол, жаттығу аймақтары, ойын алаңдары ашылады. Жаяу жүретін жерге заманауи жарықдиодты шамдар, беседкалар мен ағаштар отырғызылады. Денсаулық саябағында дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған мәдени-спорттық шаралар өткізу жолға қойылады. Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ маңынан «Анаға тағзым» орталығы салынуда. Онда әйелдер түрлі курстарға қатыса алады, жаңа мамандық алып, құқықтық және психологиялық көмекке жүгіне алады. Ғимараттың алдында аналардың құрметіне арналып ескерткіш орнатылады. Сондай-ақ, «Ұлан» стадионын қайта құру жұмыстары басталды. Бүгінде құрылысшылар орындықтар мен футбол алаңын ауыстыруда. Стадион әкімшілігі орналасқан ғимараттардың қасбеті де ретке келтірілуде. Құрылыс басқармасының ұсынысы бойынша спорт секциялары ұйымдастырылатын екі қабатты жаңа ғимарат салынуда. «Мамыр тоғайы» аймағында да ауқымды қайта құру жұмыстары жоспарлануда. Ал, «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін қалпына келтірудің екінші кезеңі бойынша қолға алынған жұмыстар аяқталуға жақын. Онда ұзындығы 15-20 метр болатын панорамалық панель, аймақтың тарихи нысандарының макеттері, жағажай, жасанды сарқырама салынуда. Келесі жылдың көктемінде Тараз қаласындағы мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының орнында «Оқушылар сарайы» ашылады. Қазіргі уақытта орталық ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде.
- Қолданыстағы үйірмелерден басқа, кеме, ұшақ модельдеу, робототехника, IT орталығы, планетарий, обсерватория клубтары жұмыс істейді. Біз осы жердің атмосферасының өзі балаларды шығармашылыққа шабыттандыратындай жағдай жасауға тырысамыз, - дейді А.Әбдешов.2021 жылы облыс орталығында бірқатар жаңа нысандар мен құрылыстар атқарылады десек, олардың қатарында Жастар орталығы, Шығармашылық үйі, теннис корттары, жеңіл атлетика манежі және Мұз айдыны аренасы бар.
- Спорттық нысандар әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес салынады», - деп қосты А.Әбдешов.Жаңа нысандардың пайдалануға берілуімен туристер ағыны арта түседі деп күтілуде.
- Біздің мақсатымыз – Таразды және оның айналасын шетелдік қонақтар үшін тартымды ету. «Әулие-Ата» әуежайының жанындағы аумақ және қала айналасындағы аймақтар да тиісінше қалыпқа келтірілуде. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша барлық нысандар бірыңғай стиль мен тұжырымдамаға сәйкестендіріледі. Жақында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштің жанында этноауыл пайда болады. Қалаға келген туристер біздің шаһардың бұрынғы және қазіргі келбеті өзара үндесіп тұрғандығын бірден сезінуі тиіс, - дейді А.Әбдешов.Қазіргі таңда арнайы жұмыс тобы Тараздың негізгі көшелерін түбегейлі өзгерту жоспарын қарастыруда.
- Біз барлық көрнекіліктер мен билбордтарды бірыңғай стандарт бойынша ілеміз, сауатсыз белгілерді алып тастаймыз. Аялдамалар бойынша осындай жұмыстар жүргізіледі, - дейді облыстың бас сәулетшісі.Айта кету керек, тараздықтар көбінесе сауатсыз жарнама мен қоқысқа қатысты шағымдануда. Бұл бойынша облыс әкіміне басқа да өтініштер түсуде. Тұрғындар қалада орындықтармен, гүлзарлар, субұрқақтар және түнгі жарықтандырумен қамтылған демалуға арналған орындардың көп болуын қалайды
- Ол үшін, ең алдымен, ежелгі қаланың ирригациялық жүйесін қалпына келтіру қажет. Қазір мұнда тәжірибелі гидротехниктердің арнайы тобы жұмыс жасауда. Топ жеті канал мен Талас өзенін зерттеумен айналысуда. Егер бүкіл жүйені тиісті тәртіпке келтірсек, онда қаланың кез-келген түкпірінде демалыс орындарын ашуға болады, - дейді А.Әбдешов. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала