жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Асқар Мамин Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

Асқар Мамин Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты
ашық дереккөзі
Асқар Мамин Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына сапары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Үкімет басшысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытында болды. Мұнда жыл сайын 60 млн дозаға дейін вакцина шығару жоспарланып отыр. Премьер-Министр BSL-3 стандартындағы субстанциялар өндіретін зауыттың өндірістік қуатын дамыту жобаларымен, сондай-ақ ҒЗИ-дың тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымымен танысты. Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің Қайнар ауылында Үкімет басшысына биылғы 26 тамызда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қираған барлық тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы баяндалды. Премьер-Министр зақымдалған үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар