Жамбыл жаңалықтар
Биыл 10 айда Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 500 миллиард теңге болды
- авторjambylinfo.kz
- 11 қараша, 2021
- 132
Биыл 10 айда Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 500 миллиард теңге болды
Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 377,5 млрд теңгеге жетсе, құрылыс көлемі 7 проценттен асқан
Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Өңірде бүгінде 535,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминнің Жамбыл облысындағы сапары барысында баяндалды. Сондай-ақ Премьер Министр Тараз қаласындағы медициналық бұйымдар шығаратын «Әмір және Д» ЖШС-да болды. Биыл қазан айында кәсіпорын COVID-19 антигенін анықтайтын экспресс-тесттер шығара бастады. Мұнда инфекциялық ауруларды, кардиологиялық маркерлерді, есірткі заттарын, аллергендерді және басқа да диагностикалау үшін 200-ден астам экспресс-тест атауын шығару жоспарлануда. Өндірістік қуаты жылына 15 млн экспресс-тест пен 1,5 млн бақылау ерітіндісін құрайды. Мамин «Көне Тараз» тарихи-этномәдени орталығының айналасындағы аумақты реконструкциялау жоспарымен, сонымен бірге Тараз қаласының тұрғын үй, медицина, көлік инфрақұрылымы мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін дамыту жобаларымен танысты.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/509558-biyl-10-ajda-zhambyl-oblysynda-nerk-sip-ndirisini-k-lemi-500-milliard-te-ge-boldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024