Ауылға су құбыры тартылды
Қырғыз елімен шекаралас жатқан Қаратау ауылында орталықтандырылған ауызсу жүйесі іске қосылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 306 миллион теңге бөлініп, ауылішілік көшелерге су құбыры толығымен тартылды. Құрылыс жұмыстарын қолға алған «Жігер-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 110 аулаға су тетіктерін жүргізіп берді. Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға тарту болған игілікке аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы келіп құттықтады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала