дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ауыл аманаты»: Жамбылдық шаруалар енді электронды түрде өтініш бере алады

«Ауыл аманаты»: Жамбылдық шаруалар енді электронды түрде өтініш бере алады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жамбыл облысынан басталатын пилоттық жобаның соңғы техникалық жұмыстары қалған

Жақында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте пилоттық жоба таныстырылған болатын. Бұл күнде Жамбыл облысынан басталатын жобаның техникалық жұмыстары соңғы сатыда. Бұл туралы «Тараз» ӘКК» АҚ басқарушы директоры Еркін Жылысбек айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

 «Қазір ҚР Ауыл шарушалығы министрлігімен бірнеше өңірдің IT-мамандары бірлесіп, аталған жобаның техникалық мүмкіндіктерін жетілдіріп жатыр. Бүгінгі таңда мамандар онлайн режимде жұмыс істеп жатыр. Жамбылдық шаруалар бұл жобаның игілігін көретін күн алыс емес», - дейді Еркін Жылысбек.

Басқарушы директордың айтуынша, бұл портал жеңілдетілген несие алып, кәсіп ашуды көздеген адамға тиісті өтінімді үйден шықпай-ақ, қашықтан өтініш беруге мүмкіндік тудырады.

«Енді ауылдағы ағайын қалаға келіп, екі ортаны жол қылмайды. Себебі, электронды портал арқылы үйде отырып, қажетті құжаттарды жібере алады. Өтінім беруші жүйеге электронды қолтаңбасы арқылы тіркеліп, бағдарламаға қатысуға қажетті мәліметтер мен құжаттарды жүктейді. Қолданушының рұқсатымен оның жеке деректері тексеріліп, базада бар кей мәліметтер автоматты түрде енеді», - деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл аманаты» бойынша электронды өтініш беру жобасы Жамбыл облысынан басталатынын хабарлаған болатынбыз.

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар