сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 22:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 938 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 938 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды
фото - ашық дереккөзден
Аталған аумақты атқарушы орган заңды бұза отырып сатқан

Жамбылда ауыл шаруашылығы мақсатындағы 938 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Ернар Мақажанов айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті жер саласына жүргізген мониторинг барысында негізсіз берілген жер учаскелері анықталды.

 Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормаларын бұза отырып, жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 938 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сонымен қатар, Тараз қаласында азаматтарға бизнес үшін конкурстық рәсімдерсіз, жасыл желектерге арналған жер учаскелері берілгені анықталды.  Департаменттің ұсынысы бойынша жалпы ауданы 0,0742 га құрайтын кадастрлық құны 1,1 млн тг болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар