сенбі, 5 қазан, 2024 23:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айтқазы Қарабалаев тараздық ұстаздарды құттықтады

Айтқазы Қарабалаев тараздық ұстаздарды құттықтады
ашық дереккөзі
Айтқазы Қарабалаев тараздық ұстаздарды құттықтады
Елімізде қазан айының алғашқы жексенбісіне белгіленген ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев тараздық мұғалімдерді құттықтады.
«Барлығымыз да өздеріңіздей ұстаздардан тәрбие мен білім алдық. Сіздердің еңбектеріңіз ерен. Себебі, баланың адам болып қалыптасуына қосқан үлестеріңіз орасан зор. Біз осы еңбекті бағалауымыз керек. Қазір қашықтықтан оқыту режиміне көшкен уақытта мұғалімдердің арқалаған жүгі қаншалықты ауыр екеніне әрбір азамат көз жеткізді деп ойлаймын», - деді қала басшысы.
Айтқазы Қарабалаев ұстаздардың еңбегін, соның ішінде, бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысына үлкен назар аудару қажеттілігін атап өтіп, баланың білімге деген құштарлығы бірінші сыныпта қалыптасатынын еске салды.
Мерекелік жиында 6 маманға қала әкімінің «Құрмет грамотасы», білім саласының 9 қызметкеріне сертификат, сондай-ақ, 7 ұстазға «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалының «Құрмет грамоталары» және 10 мұғалімге Тараз қаласы маслихатының «Құрмет грамоталары» тапсырылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар