сенбі, 5 қазан, 2024 22:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Меркіде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Меркіде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті
ашық дереккөзі
Меркіде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті
Меркі ауданы Меркі ауылы №9 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Меркі ауданы 11971 әскери бөлімінің аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты техника қауіпсіздігін сақтай отырып, жеке құрамға өрт сөндіру іс-шараларын ұйымдастыру және өзара әрекеттестікті шараларын үйлестіру болып табылады.
Ең бірінші оқу алаңы жанар жағармай сақтау қоймасында болжамды өртті сөндіру шараларын жүргізу әрекеттері пысықталды. Сондай-ақ жақын орналасқан техникаларды көшіру, адамдарды құтқару жұмыстары да жүргізілді. Аталған іс-шараны өткізу барысында бөлімшелердің жедел келіп жетуі, жауынгерлік қабілеттері және жеке құрамның өз міндеттерін тиісті деңгейде орындау көрсеткіштері бағаланды.
Одан әрі оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес екінші оқу алаңында құтқарушылар алдында әскери бөлім мекемесінің қызметкерлерін әкімшілік ғимараттағы өрттің таралу қаупінен құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіз жерге көшіру міндеті тұрды. №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы бұл міндетті де жоғары деңгейде орындай білді.
Оқу жаттығу соңында Меркі ауданының Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау майоры Асхат Анашұлы Абдраимов құрылымдардың бүгінгі дайындықтарына жақсы деген баға беріп, осы деңгейді тұрақты түрде одан әрі жоғарылатып отыру қажеттігін тілге тиек етті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар