Қазақстанға сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет - Алия Омарова
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қыркүйек, 2024
- 580
Президент жолдауында айтылған АЭС салу бойынша Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының «Жаратылыстану» Факультеті «Жаратылыстану мамандықтары» Кафедрасының PhD докторы Алия Омарова пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алия Омарованың сөзінше, Қазақстан едәуір сенімді және экологиялық таза энергия көздері керек.
“АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтеді. Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж. Бұл туралы 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Және мен бұл мәселемен толықтай келісемін.Қорыта келе айтарым, 2012-2016 жылдар аралығында зерттеу реакторы төмен байытылған уранға көшті. Яғни, біздің елде күн сайын, жыл сайын атом электр станциясында атқарылуы тиіс жұмыстардың барлығы жасалып отыр. Реактор жұмыс істеген 57 жыл ішінде бірде-бір апатты оқиға болған жоқ. Оның үстіне атомдарды өнеркәсіп, медицина, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібінен бастап экономиканың барлық салаларында жақсы мақсатта пайдалануға болады. Қазір әлемде 400 ядролық реактор бар. Оның жартысы Су-сулы ядролық зерттеу реакторы қондырғылары. Әзірге олардың ешқайсысында төтенше жағдай орын алған емес. Атом электр станциясының құрылысы мұнай мен газға тәуелділікті азайтады. Сонымен қатар, атом энергиясын пайдалану, тасымалдау кезінде энергияны үнемдейді және оның тапшылығын болдырмайды”,- деді Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының «Жаратылыстану» Факультеті «Жаратылыстану мамандықтары» Кафедрасының PhD докторы Алия Омарова.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024