Жамбыл жаңалықтар
«Қазақстандағы Президент сайлауы: эксперттік пікір»
- авторjambylinfo.kz
- 18 қазан, 2022
- 361
«Қазақстандағы Президент сайлауы: эксперттік пікір»
Өңірде алдағы саяси науқан бойынша жиын өтті. Басқосу барысында отандық зерттеушілер мен қоғам қайраткерлері алдағы сайлау науқанына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шараны Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма Төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов ашты. Ол кезектен тыс сайлау елдің одан әрі дамуына ықпал етіп, тұрақтылық орнататынына сенім білдірді.
«Сайлау науқаны кезінде қазақстандықтарға саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің, заңгерлердің кең ауқымды мәселелер бойынша пікірлері мен көзқарастарын танып-білуі маңызды. Президенттік сайлау негізінен қоғамды біріктіріп, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуы керек. Бұл саяси жүйенің жаңаруына серпін береді».
«Президент сайлауы жазда өткен Конституциялық реформаның заңды жалғасы. Халық қазіргі саяси процестерге ерекше белсене араласып, оң өзгерістерді күтуде», - деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев. Ол жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір мерзімді президенттік туралы бастамасына қатысты өз пікірімен бөлісті. Саясаттанушының айтуынша, бұл Президенттің барлық күш-жігері мен әлеуеті дәл бір мерзімге бағытталып, реформалар келесі мерзімге ауыстырылмай, толық көлемде жүзеге асырылуы үшін қажет.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Димаш Құдайберген Малайзияда жеке концертін өткізеді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024