Жаңалықтар
Сайлау-2022: қазақстандықтар барлығына қарсы дауыс бере алады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қазан, 2022
- 391
Сайлау-2022: қазақстандықтар барлығына қарсы дауыс бере алады
20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болады, — деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
«Барлығына қарсы» бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы», — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.
«Сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болды», — деп мәлімдеген еді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болғаны хабарланған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала