жексенбі, 29 маусым, 2025 15:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚАЖ департаменті дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

ҚАЖ департаменті дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады
Ашық дереккөз
Шара аясында емхана ұжымына гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылық құрамы мен департаментке қарасты мекемелердің бастықтары Жамбыл облысы Полиция департаменті госпиталі жанындағы емхананың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құттықтау барысында денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне алғыс айтылып, олардың тынымсыз еңбегі мен адам өміріне деген жанашырлығы жоғары бағаланды.
– Сіздердің күн-түн демей көрсетіп жүрген қызметтеріңіз – шынайы ерлік пен адалдықтың үлгісі. Сіздердің арқаларыңызда көптеген азаматтар өмірге қайта оралып, денсаулығын түзеп жатыр. Осы үшін әрқайсыңызға шынайы ризашылығымызды білдіреміз, – деп атап өтті департамент өкілдері.
Шара аясында емхана ұжымына гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, жылы лебіздер айтылды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар