
ҚАЖ қызметкерлері дәрігерлер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәрігерлер – адам өмірінің күзетшілері. Олар үнемі жауапты сәтте көмекке келуге дайын тұратын абзал жандар. Осыған орай, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылық құрамы мен департаментке қарасты мекемелердің бастықтары Жамбыл облысы бойынша әскери дәрігерлік комиссия ұжымына ізгі тілектерін білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.
Құттықтау барысында комиссия қызметкерлерінің жүйелі әрі өзара үйлесімді жұмысы ерекше атап өтілді. Департамент тарапынан берілген алғыс хатта төмендегідей жүрекжарды лебіздер айтылды:
«Сізді кәсіби мерекеңіз – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Осы уақыт ішінде қылмыстық-атқару жүйесінде ведомстволық өзара іс-қимыл барысында бірлесе атқарған жұмыстарымыз нақты нәтижелерге қол жеткізді. Сіздердің еңбектеріңізге, адалдықтарыңызға, шыдамдылықтарыңызға және мейірімділіктеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Адал ниетті еңбектеріңізбен, азаматтарымыздың денсаулығына деген қамқорлықтарыңызбен ең жылы, ең шынайы алғыс сөздерге әбден лайықсыздар. Қызметіңізге табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Кәсіби біліктілігіңіздің арқасында биік белестерден көріне беріңіз!» – делінген алғыс хатта.
Бұл – тек қана ізгі лебіз емес, сонымен қатар медицина қызметкерлеріне деген терең құрмет пен ризашылықтың көрінісі. Өз ісіне адал әскери дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер – қоғам тыныштығы мен азаматтардың денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген нағыз кәсіби мамандар.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен әскери дәрігерлік комиссия арасындағы тығыз ынтымақтастық – мемлекеттік маңызы бар ортақ миссияның жарқын үлгісі. Алдағы уақытта да бұл өзара байланыстың жаңа серпін алып, табысты жалғасатынына сенім мол.
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұмда алимент төлемеген борышкерге үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 23 маусым, 2025