дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ғажайып оқиға мен аңыз-әңгімелер». Жамбылға саяхатшыларды тарту жұмысы енді «қара туризм» бағытында жүзеге асады

«Ғажайып оқиға мен аңыз-әңгімелер». Жамбылға саяхатшыларды тарту жұмысы енді «қара туризм» бағытында жүзеге асады
Коллаж - Jambylinfo.kz
Басқарма басшысының сөзінше, өңірде аталған саланы дамыту тетігі аз

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев аймақта тоқырап қалған туризм саласын «тірілту» үшін жұмыс қай бағытта жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сейсебаевтың сөзінше, бұған дейін жасалып келген туристік орындарды инфроқұрылым желілерімен қамту жұмыстары алдағы 2 жылда бітеді. Бұдан кейінгі жұмыс «қара туризм» бағытында жалғасады. Яғни, «ғажайып оқиғалар мен тарихи әңгімелерді дәріптейміз» дейді басқарма басшысы. Өйткені, аталған саланы дамыту тетіктері облыста аз.

-    Біз бұл саны 1 ай бойы зерделедік. Ақтау, ШҚО, Алматыны саралап көрдік. Бізде қазір туризмды дамытатын тетік көп емес. Тек инфроқұрылым жүргізу арқылы қолдауымыз керек. Жолға, газға ақша бөлеміз. Біз енді келесі бағытты таңдаймыз. Ол – дарк туризм. Өйткені ғажайып әңгімелер мен тарихы терең құбылыстарды дәріптеу арқылы ғана туристерді өңірге тарта алатынымызға көзіміз жетті. Өйткені, бізде Шымбұлақ секілді туристер келетін жер жоқ,- деді басқарма басшысы. 

Бұл үшін туризм саласындағы «Тараз-туризм» ақпараттық орталығының жұмыс істеу форматы өзгертіліп, менеджмент және маркетинг бағыты қосылған. Сонымен қатар бюджеті 10 есеге көбейген. Осылайша басқарма аңыз әңгімелерді насихаттауға көңіл бөлмек. Ол үшін келесі жылы 10 ауқымды іс-шара өткізілмек.

-    Мысалы, Меркідегі Көккөл бар. Оның өз аңызы бар. Енді біз оған басқаша көзқарас жасаймыз. Біз ол жердегі аңызды шынайы көрініске айналдыруымыз керек. Қазір анимациялық технология дамыған. Онсыз туристер келмейді. Біз бәрін көрдік. Қай жерге газ тарту керегін зерделедік. Бұл жұмысты 2026 жылға қарай толықтай аяқтаймыз. Одан кейін дарк туризм бағытында жұмыс істейміз. Бұл бойынша «Тараз- туризм» ақпараттық орталығының бюджетін арттырып отырмыз. Осы күнге дейін бұл мекеме 30 миллион теңге игерсе, келесі жылға тағы 330 миллион теңге бөлінеді. Бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі,- деді Аспандияр Сейсебаев. 

Басқарма басшысы туризм саласына инвестиция салу белсенділігі артқанын атап өтті. Осылайша 6 туристік объект іске қосылған. Оның ішінде тау шатқалдарында орналасқан «Көксай», «Алмалы» демалыс аймақтары, Тараз қаласында ашылған «Zerbulaq» аквапаркі сияқты ірі туристік аймақтармен қатар, қонақ үйлер, жол бойындағы сервистік кешендер саны артып отыр. 

-    Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 5 туристік инфрақұрылымдық жобаны іске асыру пысықталуда. Қорытындысында «Көксай resort», қазіргі кезде құрылысы жүргізіліп жатқан «Таскөл» демалыс аймақтарына алып баратын автожолдар салынып, аталған туристік аймақтар көгілдір газбен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерін туризм саласына тарту, оның ішінде сервистік қызмет көрсету орындарын ашу, туристік объектілер жанынан халықаралық стандарттарға сай санитарлық-гигиеналық тораптар орнату, туристерге қызмет көрсету жұмыстарын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында биыл 17 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Бүгінгі күні облыста жалпы құны 16,4 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр,- деді Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы.  

Айта кетейік, биыл облысқа 151 110 турист келген. Саяхатшылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138 % -ға артқан. Оның ішінде 2 471 шетелдік, 148 639 еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар