Бүгін – Бекзат Саттархановтың туған күні
Жасындай жарқылдаған Бекзат Олимпиада шыңын бағындырғанда қуанбаған қазақ болмады.
Боксшының әкесі Сейілхан Саттарханов: «Ұлым өмірде ақкөңіл болғанымен, рингке шыққанда өзгеріп кететін. Көздері шоқтай жанып тұратын. Өзгеше қимылдарды да өзі тауып жүретін»,-дейді.
Бекзаттың шеберлігі, шыдамдылығы мен қайсарлығы әр ойыннан көрінетін. Шаршы алаңда қарсыласының қиымылын жіті бақылап, жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салатын.
Олимпиада жеңісінен соң, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бекзатқа I дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Бұл сәт тарихқа алтын әріптермен жазылды. Себебі, Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері болды.
Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында бір көшеге батыр ұлдың аты берілді. 2002 жылдан бері бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирі өтіп тұрады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала