дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бұрын-соңды болмаған шеру». Таразда «Ұлттық киім трендте» атты ауқымды акция өтті

«Бұрын-соңды болмаған шеру». Таразда «Ұлттық киім трендте» атты ауқымды акция өтті
Сурет jambylinfo.kz
Аталған шараға 100 ден астам қария мен жастар қатысты

Наурызнама онкүндігінің ұлттық киім күніне орай бүгін Таразда алғаш рет ұлттық нақышта киінген ардагерлер мен жастар қатысқан ауқымды акция ұйымдастырылды. «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінен басталған шеру Жамбыл даңғылынан аяқталды , деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Салт-дәстүрлер дәріптеліп, қазақи әндер шырқалған шеруге 100ден астам қатысушы қатысты. Оның ішінде ардагерлер мен қала жастары, түрлі этнос өкілдері де бар. Атаулы акция «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінен басталып, Абай, Төле би, Жамбыл көшелерін қамтыды. Шараға қала әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова арнайы қатысып, жиылғандарды ұлттық киім күнімен құттықтады.

"Ұлыстың ұлы күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеймін. Биыл Наурыз мерекеміз ерекше тойлануда. Өздеріңіз білетіндей мереке 14 наурыз Амал күнінен басталып кетіп, міне Ұлттық киім күнімен жалғасып жатыр. Керемет көрініске бүгінгі ауа-райы да ерекше үлесін қосып тұр. Мерекені бірлесіп тойлауға шақырамын",- деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары

Шеруде қала тұрғындарына сый ретінде құрт пен бауырсақ таратылды. Сондай-ақ, көнеден келе жатқан, соңғы уақытта ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлер жаңғырды. Үлкен буын өкілдері халық әндерін шырқап, жастарға өнеге көрсетті. Сән салтанаты келіскен шеруде жастар жағы Төле би көшесінен ілгері жатқан Абай көшесі мен Жамбыл даңғылының бойын думанға бөледі. Ал, ұлттық стильде киінген ардагерлер «Март» сауда орталығындағы жұртқа мерекелік атмосфера сыйлады. Айта кетейік, мұндай шара Таразда бұрын-соңды болған емес. Сондықтан шараға қатысқан үлкен буын өкілдері мұны жақсылыққа балап, ұлттың өлгенін тірілтіп, өшкенін жағудың айқын бастамасы дейді.

"Әжелердің кимешегі, жас қыздардың басындағы топысы көрген көзді баурайды. Көргісі келмеген де қарап өтеді. Себебі жастарға таңсық. Соны жастарға жыл сайын үйретсек, көрсетсек оларда да баба жолын жалғауға ынтасы оянады. Салт-дәстүрлерді бағалайды. Бір-біріне деген сыйластығы артады. Осыны біз бүгін насихаттап жатырмыз,-дейді ҰҚК-нің отставкідегі полковнигі, зейнеткер  Сауранбек Жамалбеков

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар