дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болды. Оған кімдер қатыса алады?

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болды. Оған кімдер қатыса алады?
Ғаламтор
Атырауда өткен құрылтайда президент жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Бүгін Үкіметте жаңа ипотекалық бағдарламаға қатыса алатын азаматтардың тізімін жариялады. деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жаңа ипотекалық бағдарламаға Отбасы банкі жауапты болады. 4 проценттік ипотека әлеуметтік тұрғыда осал топтарға берілуі шарт. Бұл бағдарламаға 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыздар беру жоспарланып отыр.  

Қатысушылар: жұмыс істейтін жастар; жас отбасылар; тұрғын үй төлемдерін алушылар; банк салымшылары; моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары; ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар;

Жаңа бағдарлама аясында бір жылдың ішінде 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайту қарастырылған. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар