жұма, 15 қараша, 2024 22:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Б.Сапарбаев жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды

Б.Сапарбаев жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды
ашық дереккөзі
Б.Сапарбаев жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың мәліметінше, ағымдағы жылдың 9 айында 879 жол көлік оқиғасы тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,2 пайызға өсіп отыр. Полиция департаменті ЖКО алдын алу мақсатында жыл басынан бері «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Назар аударыңыз – балалар!» секілді жедел профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырған. Бұдан басқа, жануарлардың жолдың көлік жүретін бөлігіне шығып кетуін болдырмау мақсатында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының екі учаскесінде «Электрпастух» құрылғысы орнатылған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстың автомобиль жолдарына 1684 тексеру жүргізілген, нәтижесінде 11 713 ақау анықталып, тиісті нұсқамалар берілген. Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 211 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Айжан Туғанова жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында шұңқырларды жөндеу, жол белгілері, электрондық ақпараттық таблолар орнатылып, елді мекендерге кіре берістерде жылдамдықты шектейтін жол белгілері орнату бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
- Жол қозғалысы қауіпсіздігі өзекті және маңызды мәселелердің бірі. Күн санап көлік құралдарының саны. жолдардағы қозғалыс қарқындылығы артып келеді. Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші де өсуде. Жолдағы жағдайларға бақылауды күшейту қажет, өйткені қауіпсіздік деңгейі соған байланысты. Жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін аумақтарда жол белгілерін орнату, ережеле бұзушылықтарды тіркеу үшін «Аркан» және «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешендерін, уақытша радарларды көбейту қажет, - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы жол бөлігінде қараусыз жайылып жүрген үй жануарларының иелерін жауапкершілікке тарту керектігін де  атап өтті. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылып, оның құрамына жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, депутаттар енген. Жұмыс тобы автомектептердің қызметін тексермек. Сондай-ақ, облыс әкімі жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдауды және жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.
- Полиция департаменті, «Қазавтожол «ҰК» АҚ филиалы, жауапты басқармалар, аудандық әкімдіктер тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс. БАҚ пен әлеуметтік желілерде жол көлік оқиғасының алдын алу бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Тұрғындарға жол мәдениеті мен тәртібін сақтауды ескертіп, жас инспекторлар жасағының жұмысын ұйымдастыру қажет, - деп түйіндеді аймақ басшысы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар