жексенбі, 27 шілде, 2025 6:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Балалар кітапханасында «Газет – журналистикасының сыры» атты сұхбат кеші өтті

Балалар кітапханасында «Газет – журналистикасының сыры» атты сұхбат кеші өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Шараға Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Aulieata-media» цифрлық контент орталығының жетекші-редакторы Рахымбай Нұрсұлтан Мэлсұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Таразда  Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Газет журналистикасының сыры» атты сұхбат кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кештің басты мақсаты – газет журналистикасының қыр-сырын ашу, оның қоғамдағы маңызын түсіндіру және жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру болды. Іс-шара барысында БАҚ тарихына шолу жасалып, кітапхана қорындағы жергілікті басылымдарда жарық көрген материалдардан арнайы көрме ұсынылды.

Кеш қонағы Нұрсұлтан Мэлсұлы журналистика саласындағы бай тәжірибесімен бөлісіп, шығармашылық жолындағы қызықты сәттері мен тың ойларын ортаға салды. Жастармен еркін форматта өткен сұхбат барысында кәсіби кеңестерімен бөлісіп, болашақ тілшілерге шабыт сыйлады.

Сонымен қатар, кеште «Інжу» өнер-білім орталығының өнерпаздары «Отан», «Туған жер» әндерін орындап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында кітапхана ұжымы тарапынан қонаққа алғыс хат пен естелікке арналған ІІІ томдық «Тарихи жырлар» жинағы табыс етілді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар