сенбі, 23 қараша, 2024 19:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Басқарма көзбояушылықпен айналыспауы керек

Басқарма көзбояушылықпен айналыспауы керек
ашық дереккөзі
Басқарма көзбояушылықпен айналыспауы керек
Аймақ басшысы Б.Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте  өңірдегі бұқаралық спортты дамытудың жолдары сараланды. - Бұқаралық спортты дамытуға қатысты Елбасының, Президенттің нақты тапсырмалары бар. Бізде бүгінгі таңда бұқаралық спортпен шұғылданушылар қатары 32 пайызға жеткенімен, көрсеткішіміз әлі де төмен. Кәсіби спортқа келсек, 2004 жылғы Бақтияр Артаевтан кейін Олимпиада чемпионын шығара алмадық. Содан бергі аралықтағы 17 жылда бар болғаны үш жүлде бұйырған. Оның екеуі дзюдошы Елдос Сметовке тиесілі болса, біреуін еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров алған. Әлем чемпионаттарындағы нәтижелер де көңіл көншітпейді. Бөлінген қаражат қомақты. Қаншама нысан салынған. Ұлттық құрамада бақ сынайтын баламыздың саны көп, нәтиже жоқ. Спорт мектептерінде 10-15 жыл бойы басшы болып отырған азаматтар бар. Бірақ, олимпиадалық спорт түрлерінен көрсеткен нәтижелері шамалы. Бапкерлерде де өсу, өркендеу байқалмайды. Басқа өңірлердің намысын қорғап жүрген спортшыларымыз да бар. Солардың тізімін жасап, өзімізге қайтару керектігін де айтып жүрміз. Бір-бірімізді мақтағаннан еш нәрсе өнбейді. Не істеуіміз керек, қай жерде мүлт кетіп жатырмыз? - деді Бердібек Сапарбаев. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков кеткен кемшіліктермен жұмыс жүргізілетінін айтты. - Әулиеата жерінде талантты спортшылар аз емес. Олардың мүмкіндігін пайдалану керек. Б.Артаев секілді өзге де жүлдегерлерді дайындаған мамандар – мықты бапкерлер. Соларды әрмен қарай қолдап: «Бақтиярдың орнын басатын басқа бір спортшы шығуы керек» деген талап қойылуы тиіс. Одан бөлек, федерациямен жұмыс нашар сияқты. Дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің кейбірі әлі күнге балансқа алынбаған. Басқарма көзбояушылықпен айналыспауы керек. Сол кешендерді көрсеткенде бәрі жақсы дейсіздер. Кімге не жетіспейтінін неге маған ашық айтпайсыздар? Сонда біз кімді алдап жүрміз, - деді облыс басшысы. Кездесу барысында Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының облыстық филиалының директоры Б.Ыстыбаев, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының басшысы А.Таңатаров, Е.Сметовтің жеке бапкері Ғ.Жылкелдиев, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ф.Цой, спорт ардагері М.Жақыт, «Жамбыл облысының спорт ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Әшімов өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Басқосуды қорытындылаған облыс әкімі спорт мектептеріндегі жұмыстарды жүйелеуді және ең негізгі мақсат келесі Олимпиадаға спортшыларды әзірлеу керектігін шегелеп тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар