жұма, 24 сәуір, 2026 21:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы ауыл мектептеріне 17 мыңнан астам кітап таратылды

Жамбыл облысындағы ауыл мектептеріне 17 мыңнан астам кітап таратылды
Фото - ашық дереккөз
Ұлттық кітап күніне орай «ASSYLTAS» қоғамдық қоры «Артық білім — кітапта» жобасы аясында ауыл мектептерін қолдауға бағытталған ауқымды акция ұйымдастырды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен және «140 Online» компаниясының қаржылай демеушілігімен өңірге 17 мыңнан астам кітап жеткізілді. Жоба сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кітап керуені Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылынан жолға шықты. Бастау нүктесі — Жамбыл Жабаевқа арналған музей болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Жамбыл облысында 340 ауыл мектебі бар. «Артық білім — кітапта» жобасы дәл осы ауыл мектептерін қолдауға бағытталған. Негізгі мақсат — ауылдағы оқушылардың сапалы әдебиетке қолжетімділігін арттыру.

«ASSYLTAS» қоғамдық қорының президенті Дулат Тастекей бұл бастаманың мақсаты тек кітап тарату емес екенін атап өтті:

«Біздің мақсатымыз — кітаптарды жай ғана тарату емес, олардың оқылуын қамтамасыз ету. Әсіресе ауыл мектептеріндегі оқушылар сапалы білімді кітап арқылы алуы тиіс. Сол үшін келесі жылы осы кітаптардың мазмұны бойынша арнайы байқау өткізуді жоспарлап отырмыз. Байқау жеңімпазына автокөлік табысталады. Осындай құнды сыйлықтар арқылы біз оқуға деген қызығушылықты арттырып, оны ынталандырғымыз келеді».

Айта кетейік, қор бұл жобаны жыл сайын жүзеге асырып келеді. Өткен жылы жоба аясында Абай облысындағы ауыл мектептеріне 14 мыңнан астам кітап таратылған болатын. Биыл бұл көрсеткіш артып, Жамбыл облысына 17 мыңнан астам кітап жеткізілді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар