дүйсенбі, 18 қараша, 2024 5:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Басшылар ауылдарға жиі барып, мәселелерді шешу жолында жұмыс істеуі тиіс – Б. Сапарбаев

Басшылар ауылдарға жиі барып, мәселелерді шешу жолында жұмыс істеуі тиіс – Б. Сапарбаев
ашық дереккөзі
Басшылар ауылдарға жиі барып, мәселелерді шешу жолында жұмыс істеуі тиіс – Б. Сапарбаев

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдауды бастады. Шу ауданындағы жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Алға ауылдық округінің әкімі Бағдат Есбергеновтың өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша есептік жиынына қатысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Баяндамашы көшелерді жарықтандыру, жөндеу, асфальттау, абаттандыру бағыттарында айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев округтің әкіміне жұмыссыздар санын азайту, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, зейнеткерлер мен қарттарға көңіл бөлу, әлеуметтік мәселелерді шешу, пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, «Асарлатып үй салу», «Жомарт түлек» жобалары бойынша жұмыстарды ұтымды ұйымдастырудың маңыздылығын баса айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

- Мемлекет тарапынан ауыл адамдарына көрсетілетін қамқорлық, қолдау бәсеңдемейді, одан әрі жалғасады. Еңбек етем деген адамға ауылда жұмыс көп. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін ауылдықтар тиімді пайдаланып, табыстарын арттыруы қажет. Аудан, ауылдық округ әкімдіктері бұл жұмыстарды үйлестіруі тиіс. Ең бастысыжергілікті тұрғындар бірлесіп, ұйымшылдықпенеңбек етуі керек. Бірлік бар жерде – береке болады, - деді Б.Сапарбаев.

Б.Сапарбаев Шу электрмен жабдықтау, Шу сигнализация және байланыс дистанциялары және Шу локомотив пайдалану депосының басшыларының да есебін тыңдап, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті.

Аймақ басшысы теміржолшылардың аудан экономикасының дамуына қосып отырған үлесіне тоқталды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын жұмысшылардың жалақысының өсуі, жұмыс орындарының қысқармауы, әлеуметтік қолдаулармен тұрақты түрде қамтамасыз ету секілді мәселелерге айрықша назар аудару керек.

Қазіргі таңда ең негізгісі – елдің тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Облыс, аудан басшылығы ауылдарға жиі барып, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, өзекті мәселелерін шешу жолында жұмыс жүргізуі тиіс, – деп түйіндеді облыс әкімі.

Облыс әкімі Қордай ауданына жұмыс сапары кезінде Отар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, округ әкімі Данияр Ебелекбаевтың есеп беру жиынына қатысты.

Жиында өткен жылы ауылда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты айтылды. Өз кезегінде ауылдықтар да бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Тұрғындардың өтінішін ескерген Бердібек Сапарбаев азық-түлік дүкендеріндегі әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрлерінің бағасы қатаң бақылауда болу керектігін баса айтып, гарнизоннан Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектебіне қатынап оқитын 82 оқушыны автобуспен қамту мәселесін уақыт созбай шешуді тапсырды.

- Мемлекет тарапынан ауыл және мал шаруашылығын дамытуға тиісті қаражат бөлініп, субсидия төленуде. Шаруаларғақажетті қолдаулар көрсетілуде. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін тиімді пайдаланып, шаруасын дамытып, табысын арттырамын дегендерге барлық жағдай жасалған. Аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына да жұмыс күші ретінде негізінен жергілікті тұрғындар тартылуда,-деген облыс әкімі ауылдықтар көтерген мәселелердің бәрі назарға алынатынын жеткізді.

Кездесулерде қоғамдық келісім, тұрақтылық, жастар тәрбиесі, ауылдарды абаттандыру, газ, ауыз сумен қамту секілді бірқатар мәселелер талқыланды.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар