Қордайдағы BSL-3 лабораториясының құрылысы қарқынды жүруде
- авторjambylinfo.kz
- 21 ақпан, 2022
- 164
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Аймақ басшысы алдымен Гвардейский кентіндегі вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың маңынан бой көтерген BSL-3 лабораториясының құрылысымен танысты. «Ка-Строй ЛТД» ЖШС-і жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда.
Облыс әкімі құрылыстың сапасына және мерзімінде аяқталуына мән беру қажеттігін баса айтты. Осыған орай, мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Биофармацевтикалық зауытта штаб отырыс өтіп,жауаптыларға шетелден әкелінуі тиіс аса қажетті құрал-жабдықтардың жеткізілуіне қатысты туындаған мәселелерді жуық арада шешуді тапсырды.
Бұдан соң Бердібек Сапарбаев құрылысы аяқталуға жақын қалған Қордай ауылындағы «Шығыс» және «Солтүстік» тұрғын үй алабындағы инженерлікинфрақұрылымдық жұмыстарын көрді. Нысан наурыз айының соңында пайдалануға берілмек.
Айта кетейік, бүгінде бұл ауылда 20 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы да қарқынды жүруде.
Бұдан бөлек «Батыс» ықшам ауданында «Нұр Құрылыс-Болашақ» ЖШС-і бес қабатты 50 пәтерліктұрғын үйдің құрылысын жүзеге асыруда. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс басшысы ең алдымен аз қамтылған әлеуметтік жағдайы төменотбасылар баспаналы болуы керектігін атап өтті.
Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапарыЖамбыл ауылындағы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асқан 90 орындық Мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдады.
Жамбылдықтардың айтуынша, соңғы жылдарыауылда бала саны көбейген. Бүгінде 700 орындықмектепте 1400 бала білім алуда. Жергіліктітұрғындар мектеп жанынан жапсарлас оқуғимаратын салып беруді сұрады.
Жағдайға қаныққан Бердібек Сапарбаев облысбойынша соңғы екі жыл ішінде 41 мектеп пайдалануға берілгенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатынын жеткізді.
Өткен жылы аудан бойынша 8 спорттық нысан ел игілігіне берілген. Солардың бірі – Сарыбұлақ ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Самбо және қазақ күресінен ел чемпионы Марат Кеңес жаттықтыратын өрендер бүгінде «Спорт шеберіне үміткер» атағына қол жеткізіп үлгерген. Нысанға арнайы атбасын бұрған өңір басшысы жергілікті атқамінерлерге бұқаралық спортты дамытуды күн тәртібінен түсірмеуді тапсырды.
Облыс әкімі жұмыс сапары соңында аудан активімен кездесті.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың табысын арттыру, орын тапшылығы бармектептердің мәселесін шешу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігінің мүмкіндіктерінкеңінен пайдалану, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізу керек,-деген Б. Сапарбаев қоғамдық келісім, жастар тәрбиесі, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеусекілді мәселелерге айрықша назар аудару керектігін атап өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024