жексенбі, 6 сәуір, 2025 10:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақта 120 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді

Байзақта 120 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото - ашық дереккөз
Салтанатты шараға аудан әкімі қатысты

Байзақ ауданында 120 пәтерлі көп қабатты екі тұрғын үй ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды jambylinfo.kz

Салатанатты шараға аудан әкімі Олжас Баққараев қатысып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

 ⁠Былтыр 240 байзақтық пәтерлі болған. Биыл ауданда алты тұрғын үй бой көтермек. Ол үшін бюджетке 7 миллиард теңгеге ұсыныс берілді. Қаржы бөлінсе, құрылыс басталады. Бүгін ауданымызда көптен күткен қуаныш болып жатыр. Баспана иелерін шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін шешу. Бұл бойынша жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса береді,- деді Байзақ ауданының әкімі. 

Екі бірдей жаңа нысанның іргесін қалап, қабырғасын көтерген – мердігер «Бином» ЖШС. 

Бір тұрғын үйдің жалпы аумағы 2956 шаршы метр болса, пәтерлердің екі бөлмелісі 33, үш бөлмелісі  65,5 шаршы метр. 

Бүгін баспаналы болған жандардың бірі - көпбалалы ана Эльвира Әбибуллаева.  Ол 2018 жылдан бері үй кезегінде тұрған. 

  ⁠Мен алты баланың анасымын. Кеше ғана хабарласып, үй алатынымды айтты. Бүгін міне баспаналы болып отырмын. Осы күнді ұзақ күттім. Қуанышымда шек жоқ,- деді қуаныш иесі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар