Таразда «Айша» поэмасының брайль қарпіндегі кітабының тұсауы кесілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 ақпан, 2025
- 403
Тараз қаласында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Тарлан, талант тағдыры» атты портреттік кеш өтті, деп хабарлайды – Jambylinfo.kz
Ілияс Есенберлиннің шығармашылық жолы мен шоқтығы биік шығармаларын сан қырынан ашу үшін кешке арнайы қонақтар шақырылған болатын. Кешке «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері, №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушылары, Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектептің оқушылары және өзге де әдебиетсүйер қауым қатысты. Сонымен бірге қонақтар қатарынан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Журналистика және филология» кафедрасының «Филология» ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Көпбаева «Журналистика және филология» кафедрасының «Филология» ғылымдарының кандидаты, доцент Асима Нусупова. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі –Мереке Абитова көрінді.
Әдеби кеш аясында зағип жандарға арналған Брайль қарпіндегі «Айша» поэмасының тұсауы кесілді. Бұл ерекше жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қазақ әдебиетімен сусындату мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушыларға әсерлі музыкалық шығармалар ұсынылды. Атап айтқанда «Мұрагер» домбыра ансамблі күмбірлеген күйін орындаса, бұрынғы Сәт триосының мүшесі Сапар Алтыбай жүрек тебірентер «Ауылым» әнін шырқады. №26 орта мектептің оқушысы Ұлжан Мұқажан қазақтың қара домбырасына арналған өлеңін оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Бұл кеш Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылық мұрасын дәріптеп, оның тарихи еңбектерінің маңыздылығын тағы бір мәрте айшықтады.