Жамбыл жаңалықтар
Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен фракцияның отырысы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2021
- 293
Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен фракцияның отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті. Ондағы талқыланған басты мәселе аймақ бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы қаралды, - деп хабарлайды https://jambylinfo.kz/
Алғаш болып мінберге облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова көтеріліп, партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы аясында алда тұрған мақсатты міндеттерге тоқталды.
– Партияның сайлауалды бағдарламасы 7 бағыт бойынша айқындалды. 16 көрсеткіш енгізілді. Оның ішінде өңірлік жол картасы бойынша 5 жылдың ішінде 155 мың адамды жұмыспен қамту көзделуде. Сондай-ақ жол сапасын 100 пайызға жақсарту жоспарлануда. 2024 жылға қарай 119 елді мекен орталықтандырылған таза ауызсумен қамтылады. Медициналық нысандарды көптеп салып, халықтың аурушаңдық деңгейі 6 пайызға дейін төмендетіледі. Балаларды мектепке дейінгі білім беру нысандарымен қамту 92,7 пайызды діттейді. Спорттық инфрақұрылым 53,2 пайызға жаңартылмақ. Жұмыссыздық деңгейін де 2,6 пайызға төмендету межеленуде, – деді Г.Жауынбекова.
Жол картасын талқылауға шыққан фракция мүшесі Фарида Жүнісова да бесжылдық бағдарламаның маңыздылығына, әсіресе кәсіпкерлік саласына көп көңіл бөлінгенін тілге тиек етті.
– Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдау арқылы біз шикізат көлемін бес жылдың бедерінде арттыратын боламыз. Сондай-ақ түрлі пилоттық жобаларды жандандыру арқылы ауылдағы халықтың табысы 2 есеге өспек, – деген фракция мүшесі партияның сайлауалды бағдарламасы баянды болашаққа бастар жол екенін баса айтты.
Фракция мүшесі Қайрат Жетібаев жол картасындағы медициналық басым бағыттарға тоқталды.
– Жол картасы арқылы алдағы жылдары шетелде 38 медицина маманын оқыту көзделуде. Сондай-ақ 4 үлкен аурухана салынбақ. Емдеу мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, дәрі-дәрмек қоры да ұйымдастырылды, – деді Қ.Жетібаев.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков жол картасы бойынша барлығы 122 шара жоспарланып отырғанын, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін қаржының дені инвестициялық бағыттан тартылатындығынан құлағдар етті.
Фракция отырысында бұдан өзге партияның облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасарын сайлау, төралқа құрамын және фракцияның биылғы жылға арналған жоспарын бекіту мәселелері де қаралды.
Фракция отырысынан кейін Саяси кеңес Бюросы шешімімен «Nur Otan» партиясының облыс бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы бірауыздан бекітілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тәуелсіздік тойына тілек : Әлібек Құлбатыр
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024