Өңірде 378 километр жол ақылы болады
Биыл Жамбыл облысында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» көлік дəлізінің 378 километрі ақылы негізге көшеді. Наурыз айында «Тараз – Шымкент», сәуірде «Тараз – Қайнар» бағытындағы автомобиль жолына аталған жүйе енгізіледі.
Жалпы бұл тәжірибе дамыған елдерде қолға алынған. Осы арқылы жолдардың қауіпсіздігі артып, жолдың күтіміне ерекше мән беріледі, қызмет көрсету сапасы да жақсара түседі екен. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ЖОФ директорының орынбасары Дəурен Тултаев айттып берді.
«Ақылы жолдарды пайдалану тәжірибесінің табысты іске асуы аясында 2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданды. Осыған сәйкес алдағы 4 жылда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолды ақылы жүйеге енгізу жоспарланған. Оның ішінде «Тараз – Шымкент», «Тараз – Қайнар» бағытындағы автомобиль жолдары ақылы болмақ. «Тараз — Шымкент» жолының ұзындығы 140 километрді құрайды. Техникалық санаты бірінші санатқа жататын автомобиль жолының әр бағыты бойынша 2 жолағы бар, толық 4 жолақты тасжолмен көліктер қатынайды. Ақылы учаске Тараз бен Шымкент қалалары мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Түлкібас, Сайрам аудандары арқылы өтеді», - дейді Дəурен Тултаев.
Қазіргі таңда «Тараз-Шымкент» бағытында 3 бақылау аркасы мен клиенттермен жұмыс жасайтын 1 орталық бар. Екінші бағыт «Тараз – Қайнар» бағыты 238 километрді құрайды. Ол учаске Тараз қаласы мен Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары арқылы өтеді. Бұл жол бойында 5 бақылау аркасы мен клиенттермен жұмыс істейтін бір орталық ашылған.
«Барлық төлем жүйесі енгізілген автомобиль жол учаскелерінде міндетті түрде жарықтандыру, үй жануарларының жолға шығып кетпеуі үшін қоршаулар, сондай-ақ, түнгі уақытта жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы белгілер мен катафоттар орнатылады»,-дейді Д.Тултаев. Жалпы, айта кетейік Еелімізде алғашқы болып ақылы жүйе «Нұр-Сұлтан – Щучинск» автомобиль жолына енгізілген болатын. Бұл жол бүгінде ашылған сәттен бастап (жеті жыл бойы) жиналған қаржы есебінен күтіліп, жолдың бойында қызмет көрсету сапасы жақсарған. Одан кейін ақылы жол санатына (2019 жылы) «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» автомобиль жол учаскелері енгізілген еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен фракцияның отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024