«Бейбіт күннің батырлары»: Таразда бес полицей тұрғын үйдегі үлкен жарылыстың алдын алды (ВИДЕО)
- авторjambylinfo.kz
- 14 мамыр, 2024
- 995
Жамбыл облысы Тараз қаласында 13 мамырға қараған түні көп қабатты үйдегі пәтер өртеніп, 60 адам эвакуацияланды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше полиция қызметкерлері жанып жатқан пәтерден бес бала мен олардың аналарын алып шыққан. Сонымен қатар, газ баллонын дер кезінде сыртқа шығарып, үлкен жарылыстың алдын алған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дәлірек айтсақ, Тараз қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының взвод командирі Нұрғиса Төленге, аға инспектор Самат Бошқаевқа , инспекторлар Елжас Болатқа, Әділет Тойжігіт пен Дидар Нәбиев бейбіт күннің батырлары анатып отыр.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2024 жылдың 13 мамырына қараған түні Полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау соққан әйел адам көрші пәтерде өрт басталғанын хабарлаған. Осы мекен-жайға жақын жүрген патруль жасағы кідіртпей оқиға орнына келген. Олар бірден қызметтік көліктерден өрт сөндіргіш құралдарды алып, өртке оранған пәтерге жүгірген.
«Полицейлер өрт ошағын жойып, әйелді және оның кәмелетке толмаған бес баласын өрттен алып шықты, олардың ең кішісі небәрі 2 жаста. Бұдан әрі полиция қызметкерлері жарылысты болдырмау үшін пәтердегі газды жауып, осы көпқабатты тұрғын үйдегі басқа да адамдарды эвакуациялады», - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полиция жетонына түскен видеода көрініп тұрғандай, полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көк түтіннің ішінен газ баллонын сыртқа алып шыққан.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024