жұма, 11 шілде, 2025 7:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір донор – бірнеше өмір: Жамбылда сәтті трансплантация жасалды

Бір донор – бірнеше өмір: Жамбылда сәтті трансплантация жасалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында қайтыс болған донордан ағза алу отасы сәтті жүргізілді. Күрделі және жоғары технологиялық операция Жамбыл көпбейінді облыстық ауруханасында жасалды, деп хабарлайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бірегей операцияға "Ұлттық ғылыми онкология орталығы (NROC)", University Medical Center жүрек орталығының, Шымкент қаласының жүрек орталығының командалары, сондай-ақ Астана қаласының медициналық авиация мамандары қатысты. Мамандардың біліктілігі мен өзара іс-қимылының жоғары деңгейінің арқасында трансплантация отасы тез жасалды.

"Жамбыл облысының тұрғыны – 1976 жылы туған пациент шұғыл түрде ауыр жағдайда "ми қан айналымының жіті бұзылуы және миға көп қан құйылу" диагнозымен жеткізілді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, пациенттің жағдайы тұрақталмады және үшінші күні мидың өлімі анықталды.

Барлық қажетті құқықтық рәсімнен кейін және отбасынан келісім алғаннан кейін басқа адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды. Өмірлік маңызды жүрек, бауыр және бүйрек ағзалары алынды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жүрек шұғыл түрде транспланттауға мұқтаж жас пациентке Шымкент қаласына жіберілді. Ал бауыр мен бүйрек өмірін сақтап қалу мүмкіндігін күткен басқа пациенттерге трансплантаттау үшін Астана қаласына жеткізілді.

Көп ағзалық алу – бұл қайтыс болғаннан соң бір донордан кейін транспланттау үшін бірден бірнеше ағза алынатын рәсім. Бұл медициналық мекемелер мен авиация арасындағы ең жоғары үйлестіруді, дайындықты және өзара іс-қимылды қажет етеді.

Министрлік өкілдері донордың отбасына бірнеше пациенттің өмірін сақтап қалған батыл және адамгершілік шешімі үшін және осы маңызды және игі іске қатысқан барлық мамандар мен ұйымдарға шын жүректен алғыс білдіреді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар