Жаңалықтар
ҰБТ-дан 140 балл жинаған талапкерге көлік тарту етілді
- авторБақытжан Бекболат
- 26 маусым, 2025
- 333

“Зерделі” білім беру орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жанайым Рашитқа көлік сыйлады
Астанадағы республикалық "Зерделі" білім беру орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары нәтиже көрсеткен талапкерге арнайы сыйлық ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҰБТ-да 140 балл жинаған Жанайым Рашит орталықта бір жылдан астам уақыт дайындалып келген. Осы жетістігі үшін "Зерделі" орталығының басшысы Ырысбек Мәуіт үздік көрсеткішке ие болған оқушыға Zeekr маркалы заманауи электрокар табыстады.