дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл облыста 26 медициналық нысан салынып жатыр – Ербол Қарашөкеев

Биыл облыста 26 медициналық нысан салынып жатыр – Ербол Қарашөкеев
Сурет: jambylinfo.kz
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының үлесі зор

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтау салтанатында облыста биыл 26 нысанның құрылысы жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыс әкімі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Өңір тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қажетті шаралардың барлығы қабылданып жатыр. 2023 жылдан бастап «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып келеді. Нәтижесінде, өткен жылы 24 нысан салынса,  10 нысан аталған ұлттық жоба аясында жүзеге асырылды (17 нысан пайдалануға берілген). Биыл 26 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 20-сы аталған бағдарлама аясында салынып жатыр», - деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар, аймақ басшысы аудандарда жұмысы қайта жанданатын және жаңадан бой көтеретін медициналық нысандар туралы айтып берді.

«Орта мерзімді перспективада аудандық ауруханалар (Байзақ, Қордай, Жуалы) және ауданаралық көпбейінді ауруханалар (Меркі, Шу және Талас) қайта жанданады. Сонымен қатар Тараз қаласында көпбейінді аурухана (400 төсек орынды), перинаталдық орталық (250 төсек орынды), жедел-медициналық жәрдем стансасы, жұқпалы аурулар ауруханасы (350 төсек орынды) және Жаңатас қаласында емхана (250 адамға) мен аурухана салу (200 төсек орынды) жоспарланып отыр»,-деді аймақ басшысы.

Диана Орынбасар
Автор

Диана Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар