Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев медицина қызметкерлерін марапаттады
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 маусым, 2024
- 482
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ақ халатты абзал жандарды марапаттады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Мерекелік шарада сөз алған аймақ басшысы медицина қызметкерлерінің қызметін жоғары бағалады.
«Құрметті медицина қызметкерлері, бұл күн - сіздердің ерен еңбектеріңіз еленетін күн! Дәрігер – жауапкершілігі зор, қастерлі мамандықтың бірі. Ұлт саулығы жолында табанды еңбек етіп келе жатқан сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Өңірде 15 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етіп жүр. 2022 жылы 12 мыңнан астам қызметкердің жалақысы 24 пайызға өсті. Соңғы 3 жылда облысқа 234 жас маман келсе, 8 мыңнан астам жас маман біліктілігін арттырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударып келеді»,- деген Ербол Қарашөкеев дәрігерлердің еңбегіне табыс тіледі.
Салтанатты іс-шарада облыс басшысы саланың бірқатар қызметкеріне денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальін, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, «Құрмет» гармотасын табыстады. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.