Арыстанбек Мұхамедиұлы Жеңіс Ысқақоваға неге «Құрмет» орденін бергізбеген
- авторМағжан Орынбасар
- 17 маусым, 2024
- 595
Эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы оған неге «Құрмет» орденін бермегенін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
ADAL Adam ютуб-арнасына берген сұқбатында Жеңіс Ысқақова министрлер жайында жеке пікірін айтты. Сонымен қатар, өнер иесі «Құрмет» орденіне ұсынылғанда жолын бөгеген Арыстанбек Мұхамедиұлын музыкант кезінен танитынын, осы орайда араға әлдекімдердің араласуы мүмкін екенін жеткізді.
«...өзім атаққа қызықпаймын. Негізі экс-министрді музыкант кезінен танимын. Әлде біреулер бірдеңе деді ма екен. Әлде «Жеңіс тұра тұрсыншы, мынау тәуірлеу қыз, осыған берейікші» деген шығар мүмкін. Министрлер келеді, кетеді, көңілді қалдырады. Әншілер өз күнін өзі көріп жүреді»,- деді Жеңіс Ысқақова.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Жеңіс Ысқақова Айнұр Тұрсынбаева туралы пікірін айтқан болатын.